
Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша облыстық үйлестіру кеңесінің биылғы жылғы алғашқы отырысы өткізілді.
Аталған кеңес өңірде мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өмір сапасын арттыру бағытындағы маңызды диалог алаңына айналды.
Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру, оларды жұмыспен қамтуға тарту, сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері жан-жақты қаралды. Қатысушылар инклюзивті ортаны дамыту, кедергісіз қолжетімділікті қалыптастыру және қолдау шараларын күшейту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен басым бағыттар айқындалды.
Бұл жиын мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың бастамасы ретінде маңызға ие болды және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың тиімділігін арттыруға негіз қала