Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет

Талдықорған қаласында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» республикалық кампаниясы шеңберінде "Отбасы игілігі үшін серкітестік: қауіпсіздік пен қолдау жолындағы өзара іс-қимыл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Жетісу облысы бойынша әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, полиция департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, білім беру саласының өкілдері, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының, “Жанұя” “Отбасын қолдау орталықтарының басшылары және үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әріптестігін күшейту жолдары қарастырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, қолдаудың тиімді механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Шара аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте алдын алу жұмыстарының маңыздылығы ерекше атап өтіліп, жергілікті деңгейде қызмет көрсететін ұйымдардың рөлі мен олардың бірлескен жұмысының нәтижелілігін арттыру бағыттары талқыланды.