Жетісу облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында білім беру ұйымдарында Enbek Skills платформасы бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Мамандар оқушылар мен студенттерге платформаның мүмкіндіктерін таныстырып, тіркелу және пайдалану жолдарын әр қатысушыға жеке түсіндіріп, практика жүзінде көрсетті.
Enbek Skills – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген онлайн-білім беру платформасы. Мақсаты – азаматтарға еңбек нарығында қажет кәсіби және цифрлық дағдыларды үйрету.
Skills.enbek.kz сайтында IT, қызмет көрсету, өндіріс, кәсіпкерлік сияқты бағыттар бойынша тегін онлайн-курстар қолжетімді. Курсты аяқтағандарға цифрлық сертификат беріледі және ол enbek.kz жүйесіндегі түйіндемеге автоматты түрде тіркеледі.
Enbek Skills – кәсіби даму мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ұлттық білім беру алаңы.