В области Жетісу отпраздновали профессиональный праздник работников системы социальной защиты

В области Жетісу отпраздновали профессиональный праздник работников системы социальной защиты

Әлеуметтік қызметкерлер күніне орайластырылған салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Жетісу облысының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінде еңбек етіп келе жатқан қызметкерлердің саны 2 мыңнан асса, оның ішінде 500-ден астамы әлеуметтік қызметкерлер болып табылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты - әлеуметтік жүйенің дамуына қосқан үлесі үшін ардагерлер мен халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі мамандарына ілтипат пен ризашылық білдіру.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы адал еңбегі және кәсіби мереке құрметіне облыстың әлеуметтік саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен 16 адам марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдары және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгілері әлеуметтік саланың лайықты 4 қызметкерлеріне табысталды.

Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын 10 адам, облыстық мәслихат төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын 20 адам, басқарма басшысының Алғыс хатын 23 қызметкер алды.

Салтанатты іс-шарада номинациялар бойынша үздік деп танылған мекемелер сертификаттармен марапатталды.

Әлеуметтік қызметкерлер күніне орайластырылған салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.