
Қазақстанда жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Соған орай бүгін Жетісу облысы бойынша Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған спорттық шара өтті. Спартакиадаға облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Спартакиада спорттың 5 түрі бойынша ұйымдастырылды – шағын футбол, дойбы, волейбол, үстел теннисі және бильярд. Спорттық жарысқа қатысуға өтінімдер әлеуметтік сала қызметкерлері арасынан 26 ойын командасына топтастырылған 400-ге жуық адамнан қабылданды. Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік сала мамандарының арасында спорттық ойындарды дамыту, ұжымдық рухқа, іскерлікке, ерік-жігерге, табандылық пен жеңіске деген құштарлыққа тәрбиелеу, мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік салы мамандарының ауызбіршілігін арттыру.