Жетісу облысында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының келесі кезеңінің қатысушылары анықталды

Жетісу облысында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының келесі кезеңінің қатысушылары анықталды

2025 жылғы 10 қазанда Жетісу облысында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста комиссия мүшелері 65 қатысушының материалдарын қарап, қорытынды бойынша 7 қатысушы республикалық кезеңге өтті.

  1. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері» – Жақсыкелдинов Аслан Манатович, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
  2. «Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің үздік әлеуметтік қызметкері» – Темірбаева Лаура Абикеновна, «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
  3. «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» – Акимбеков Бақытжан Кожахметович, «Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау және реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ;
  4. «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» – Юн Екатерина Борисовна, «Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау және реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ;
  5. «Үздік әлеуметтік педагог» – Сембекова Лариса Жұмаханқызы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ;
  6. «Еңбек мобильділігі (мансап орталығының) орталығының үздік қызметкері» – Юзефович Елена Викторовна, «Жетісу облысының еңбек мобильділігі орталығы» КММ;
  7. «Үздік әлеуметтік жоба» – «Мүгедектердің спорттық-сауықтыру орталығы» ҚБ.

Аталған қызметкерлер 2025 жылы 24 қазан күні Астана қаласында өтетін республикалық кезеңіне қатысады.