Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында 2025 жылғы қазан айының 9-ы күні «Мүгедектігі бар азаматтар күніне» арналған салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында басқарма басшысы Ермек Арынханұлы Мизамбаев әлеуметтік саланың дамуына үлес қосқан және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқан үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, шарада қатысушыларға мүгедектігі бар азаматтарды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылып, қоғамдағы инклюзивті орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.