Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтті

Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтті

2025 жылғы 7 қазанда «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ базасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандарға арналған «Педагогикалық шеберхана: аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балалармен жұмыс стратегиялары мен әдістемелері» атты семинар-практикум өтті. Іс-шараның мақсаты – АСБ бар балалармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи әдістермен тәжірибе алмасу. Семинар барысында қатысушылар АСБ бар балалардың психологиялық ерекшеліктері мен мінез-құлықтық даму бағыттарын талқылап, тиімді әдістемелерді меңгерді. Орталық базасында ұйымдастырылған семинарға өңірдің түрлі аудандарынан келген 36 маман қатысты. Іс-шара мамандардың өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстарды нығайтуға және заманауи тәсілдерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін, тақырыптардың өзектілігі мен практикалық маңызын ерекше атап өтті. Мұндай іс-шаралар мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.