Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

Бүгін 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Ермек Арынханұлы Мизамбаев ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, қарт азаматтарды мерекемен құттықтады.
Биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» еңбек адамына құрмет көрсету, олардың мәртебесін көтеру мақсатында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек еткен қарттарымызға сый-құрмет жасалды. Әр ардагердің қал-жағдайларын сұрап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбектері еленіп, естелік сыйлықтар табыс етілді. Ардагерлеріміз көрсетілген құрметке зор ризашылықпен алғыс білдірді.
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол», қарттарға қамқорлық пен құрмет көрсету – жас ұрпаққа өнеге, қоғамның парызы.