Талдықорған қаласында Ұлыбритания Елшілігінің және Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) қолдауымен семинар өтті. Аталған шараға қала және аудандық мансап орталықтарының өкілдері, сондай-ақ тұрғындары қатысып, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың көші-қон саласындағы құқықтық және әлеуметтік тұрғыда білімін арттыру, қауіпсіз әрі тиімді көші-қон үдерістерін дамытуға жәрдемдесу. Сонымен қатар, қатысушыларға қаржылық сауаттылықты жетілдіруге арналған арнайы тренингтер ұсынылып, Ұлыбританиядағы маусымдық жұмысшылар бағдарламасы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Бұл іс-шара Қазақстан Үкіметінің көші-қон саясатын жетілдіру және еңбек ресурстарының тиімді қозғалысын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.