Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осы орайда елімізде жастарды еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру бағытында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі ретінде Талдықорған қалалық мансап орталығы №19 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында жастарды еңбек нарығындағы қазіргі мүмкіндіктермен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсету көзделді. Мамандар оқушыларға “Мансап компасы” жобасы туралы жан-жақты ақпарат беріп, оның жастарға қандай қолдау көрсететініне тоқталды. Сондай-ақ, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, заманауи кәсіби талаптар және табысты мансап жолын құрудың негізгі қадамдары түсіндірілді.
Іс-шара барысында оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Жиынға қатысушылар үшін бұл кездесу болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға, еңбекке ерте араласу дағдыларын қалыптастыруға және кәсіби мақсаттарын айқындауға үлкен септігін тигізді.
Қосымша ақпаратпен төмендегі ресми сайттар арқылы танысуға болады:
•enbek.kz
•mansap.enbek.kz