«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан бөлімше ашу

«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан бөлімше ашу

          «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 125 балаға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

          Бөлімшенің ашылуы мамандандырылған көмекке қажеттіліктің артуына байланысты, сондай-ақ мүгедек балаларға арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін, сапасын және уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда. Мұнда 8 түрі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі: әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік-психологиялық.

         Орталықтың бөлімшесі 40 арнайы әлеуметтік қызмет алушыға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 580 шаршы метрді құрайды, бұл балалардың жайлы орналасуын және қажетті іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Жарық және кең бөлмелер жылыту жүйесімен және ыстық сумен жабдықталған, бұл балалардың болуын қолайлы етеді. Бөлімше жұмысы балалардың жасына, диагнозына және даму деңгейіне қарай екі топқа бөлінуін көздейді. Мұндай тәсіл әр балаға жеке қарауды қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік бейімделуі мен дамуына тиімді ықпал етеді.

         Бөлімшенің негізгі мақсаты — аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалар мен олардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету. Осы мақсатқа жету үшін жеке тұлғаның әлеуетін ашуға, коммуникациялық және мінез-құлық дағдыларын дамытуға, өзін-өзі басқару деңгейін көтеруге және балалардың қоғамға сәтті бейімделуіне бағытталған кең ауқымды мамандандырылған әлеуметтік қызметтер ұсынылады.