Жетісу облысының мамандары Өзбекстанда тәжірибе алмасты

Жетісу облысының мамандары Өзбекстанда тәжірибе алмасты

2025 жылғы 26 маусымда «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» және «Мерей» балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының Мүгедектерді оңалту және протездеу ұлттық орталығына тәжірибе алмасу сапарымен барды.

Сапардың мақсаты – мүгедектерді оңалту саласындағы озық тәжірибелермен танысу және екіжақты әріптестікті дамыту. Делегация орталықтағы оңалту және протездеу қызметтерімен, оның ішінде CME әдісімен (Куэвас Медек Жаттығулары) танысты.

Іс-шара аясында мамандар психологиялық, әлеуметтік, кәсіби оңалту бағыттарында көрсетілетін кешенді қызметтермен танысып, мамандармен тәжірибе бөлісті.

Сапар барысында орталық мамандары қонақтарға оңалту әдістерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, нақты бағыттар бойынша кеңес берді.
Мұндай тәжірибе алмасу әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, инклюзивті қоғам құру жолында маңызды қадам болып табылады.
Жетісу облысы мен Өзбекстан арасындағы бұл кәсіби байланыс болашақта мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға өз үлесін қосады.