Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.Мизамбаев Талдықорған қаласындағы 18 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуетін дамытуға ықпал ету және жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу.
Кездесу барысында басқарма басшысы оқушылармен ашық диалог құрып, қазіргі жастардың қоғамдағы орны, табысқа жету жолдары, құқықтық сауаттылық пен зиянды әдеттерден алшақ болудың маңыздылығы жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді.
Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу – жас ұрпақтың денсаулығы мен болашағын қорғаудағы аса маңызды міндет екендігі атап өтілді. Бұл бағыттағы кешенді алдын алу шараларының маңыздылығы мен тұрақты жүргізілуі жайында айтылып, салауатты өмір салтының артықшылықтары насихатталды.