Сарқанда Отан қорғаушылар күніне орай құқық қорғау және әскери қызметкерлер арасында қазақ күресінен жарыс өтті

Сарқанда Отан қорғаушылар күніне орай құқық қорғау және әскери қызметкерлер арасында қазақ күресінен жарыс өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сарқан ауданында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген ер азаматтар арасында ұлттық спорт – қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы Байғұнсов арнайы қатысып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол:
«Отан алдындағы парызын адал атқарып жүрген ерлер – елдің қорғаны. Бүгінгі дода – батырлық пен бірліктің белгісі, рухты көтеретін игі шара. Баршаңызға сәттілік тілеймін!» – деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Жарыс 75 кг, 85 кг және 90 келіден жоғары үш салмақ дәрежесінде өтті. Қатысушылар қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық полиция бөлімі, шекара қызметі және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері болды. Тыныштық пен тәртіп күзетінде жүрген осы сала майталмандары боз кілемде де өз мықтылықтарын дәлелдеп, нағыз жігітке лайық өнер көрсетті.

Жеңімпаздар есімі:

75 кг:
1 орын – Какенов Данияр
2 орын – Қожамжар Әділет
3 орын – Малгаждар Азамат

85 кг:
1 орын – Баянбаев Ерасыл
2 орын – Берікболұлы Тілек
3 орын – Искаков Рамазан

+90 кг:
1 орын – Ахметов Арман
2 орын – Борашев Ербол
3 орын – Рыскелдинов Диас

Командалық есеп бойынша:
1 орын – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің командасы
2 орын – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы
3 орын – Төтенше жағдайлар бөлімі командасы