5 мамыр күні Сарқан аудандық кітапханасында Отан қорғаушылар күніне орай, «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты ерлік сағаты өтті. Мақсаты: Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін артыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді ұрпақ болып өсуін түсіндіру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.