Құрмет пен алғыс: Сарқан ауданында тыл ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Құрмет пен алғыс: Сарқан ауданында тыл ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы бастаған топ тыл ардагері, ауданның Құрметті азаматы Кәукер Салқынбайқызы Кулубекованы арнайы барып құттықтады.

Кездесу барысында Алмас Ажарханұлы аудан басшысы мен аудан жұртшылығы атынан ардагерге алғыс білдіріп, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, ақжарма лебізін жеткізді. Сондай-ақ, Кәкер Салқынбайқызының жас ұрпақ тәрбиесіне және ауданның қоғамдық өміріне қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді.

Кәкер Салқынбайқызы өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, өмірлік естеліктерімен бөлісіп, қонақтарын ақ батасымен шығарып салды.

Айта кету керек, ағымдағы жылы ауданның 152 тыл ардагеріне 102 мың теңге көлемінде 15 милион 539 мың теңге бірреттік көмек көрсетілді.