Сарқанда коммуналдық сала майталмандары құрметке бөленді

Сарқанда коммуналдық сала майталмандары құрметке бөленді

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл — ауданның тазалығы мен халықтың өмір сүру сапасы үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген лайықты құрмет.

Аудан әкімінің орынбасары Мынбаев Жомарт құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде:

“2025 жыл — жұмысшы мамандықтар жылы. Біз үшін нағыз еңбек адамдары — күнделікті өміріміздің тынысын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлері,” — деп атап өтті.

Саланың бірқатар озат қызметкерлеріне өңір басшысының алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды.

Шара соңы аудан өнерпаздарының орындауындағы мерекелік концертке ұласып, көңілді кешке айналды.

Коммуналдық сала қызметкерлері — қаланың тыныс-тіршілігінің көрінбейтін батырлары.

Мерекелеріңізбен!