Наурызнама онкүндігінің қорытындысы – Тазару күні аясында Сарқан ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті. Шара барысында саябақтар, аулалар мен көшелер тазартылып, 80 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Тазалықпен қатар 100 түп қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылып, ағаш діңдері әктелді. Бұл – табиғатты көгалдандыру мен экологияны жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Ауқымды шараға аудан әкімі бастаған барлық мекемелері қатысып, 1000-ғе жуық адам мен 13 техника жұмылдырылды.
Сенбілік – тұрғындардың табиғатқа жанашырлығын көрсетіп, тазалық пен жаңаруға үн қосқан игі бастама болды.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі! перевод на русский
