Балаларға сіріңке ойыншық емес

Балаларға сіріңке ойыншық емес

Оттан сақтан! Өрт – қауіп төндіретін тілсіз жау, адамның өміріне және денсаулығына, жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын және қоғам мен мемлекеттің мүддесіне зиян кетіреді. Көптеген өрт тұрғын үйлер мен көп пәтерлі үйлерде болады. Сол өрттердің болуы көбінесе балалардың отпен ойнауы себеп болады. Сол себептен, Өзің сіріңке отпен ойнама, басқаларынада ойнатпа.

Егер өрт басталып, үйде ата – анаң болмаған жағдайда,мына ережені сақта:

№ 1 ереже: Жеңіл өрт болған жағдайда,оны үстіне қалың жамылғы жауып немесе су шашып,құм сеуіп өшіріп көруге болады.

№ 2 ереже: Егер өрт одан өшпесе,үйден қауіпсіз жерге жылдам қашып,содан кейін өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмеріне хабарла,не болмаса көршілерің хабарласуын сұра.

№ 3 ереже: Жанып жатқан үйден қашып шығуға мүмкіндік болмаса, дереу өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмеріне хабарлап,өрт сөндірушілерге өзіңнің нақты мекен жайың мен пәтер нөмерін айт,содан кейін терезеден көмекке көршілермен жолаушыларды шақыр.

№ 4 ереже: Өрт кезінде оның түтіні оттанда қауіпті. Адам көбінесе өрт түтіні себебінен өмірінен айырылады. Егер тынысың тарылса, тізерлеп отырып немесе сыртқа қарай еңбектеп шығуға тырыс,өйткені түтін төменде аз болады.

№ 5 ереже: Егер бөлмеге түтін кірген жағдайда,үстіңдегі киіміңді сулап,басыңды дымқыл матамен жауып, сыртқа қарай еңбектеп немесе еңкейіп шығуға тырыс.

№ 6 ереже: Өрт басталған бөлмедегі есік пен терезені міндетті түрде жап, жабық тұрған есік пен терезе өрттің сөніуне себеп болуы мүмкін.

№ 7 ереже: Ванна мен шелекті суға толтырып, есіктермен төлеге су шашуыңа болады.

№ 8 ереже: Ешқашан подъездегі лифтке кірме,тоқтап қалса түтінге тұншығып қаласын.

№ 9 ереже: Өрт қызметкерлері келгенде,қорықпай олардың айтқаннын бұлжытпай орында. Сені қалай құтқаруды олар жақсы біледі.

Өрттен сақ бол! Өз өмірің, өз қолыңда!

Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі