«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 02 сәуірі мен 12 сәуірі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8(72839)21491, 87022554554 Адилова Нуржан Толеубаевна.