Сарқан аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Елтай Сабитұлы Самбеталиновтың зейнетке шығуына байланысты шара өткізілді.

Сарқан аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Елтай Сабитұлы Самбеталиновтың зейнетке шығуына байланысты шара өткізілді.

Сарқан аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Елтай Сабитұлы Самбеталиновтың зейнетке шығуына байланысты әріптестері құрмет демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

Аталған шараға аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы қатысып, Елтай Сабитұлының осы уақытқа дейін ішкі істер органдарында адал қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесін тілге тиек етіп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

«Аудан үшін абыройлы қызмет атқарып, білікті басшы болған өзіңіздей маманды зейнеткерлік демалысқа қимай тұрмыз. Сіздің үлкен өмірлік тәжірибеңіз бен еңбек жолыңыз баршамызға жақсы белгілі. Өйткені жастық жігеріңізді елдің тыныштығы жолында сарп етіп, ішкі істер органдарының өркендеуі үшін еңбек еттіңіз. Сондықтан да бұл өскелең ұрпаққа, жастарға үлгі болып қала бермек. Ел тыныштығы үшін жасаған жұмыстарыңызға алғысым зор!»,- деді аудан басшысы.

Жиын барысында Елтай Сабитұлы сөз алып, аудан басшысына, әріптестеріне бүгінгі көрсеткен сый құрметтері үшін алғысын білдіріп, жас қызметкерлерге табыс тіледі

Айта кету керек, Елтай Сабитұлы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында 25 жылдан астам мінсіз қызмет атқарған.