Қазақстанда халық санағы қалай өтуде?

Қазақстанда халық санағы қалай өтуде?

       Қазақстанда кезекті халық санағы 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өтеді. Санақ ұраны – "Қазақстанда әркім маңызды".

         Ұлттық статистика бюросы биыл санақты өткізу процесі автоматтандырылғанын және оған заманауи сандық технологиялар енгізілгенін хабарлады.

Онлайн және офлайн

         Биыл сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндігі қарастырылған. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн режимде сұрақтарға жауап бере алады.

         Ал дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында өтеді және ол белгіленген мерзім ішінде санаққа онлайн қатыспаған респонденттер арасында жүргізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшет қолданады. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.