Халық санағы не үшін қажет

Халық санағы не үшін қажет

         2021 жылғы халық санағының құндылығы-бұл Қазақстан Республикасының халқы бойынша нақты жағдайды білуге ғана емес, демографиялық, әлеуметтік және саяси өмірдің көптеген аспектілері бойынша жағдайды болжауға мүмкіндік береді. Халық санағының ел үшін айрықша маңыздылығы, ең алдымен, жалпыға бірдей қамту мен ауқымды бағдарламаның арқасында – тұтастай ғана емес, оның әрбір әкімшілік-аумақтық бірлігінің халқы туралы әртүрлі ақпараттың баламасыз көзі болып табылатындығымен айқындалады. Халық санағы елдің ұлттық статистикалық жүйесінің құрамдас бөлігі және ажырамас бөлігі, халық және оның тұрғын үй жағдайлары туралы деректердің негізгі көзі болып табылады. Халық санағының қорытындылары елде санақ аралық кезеңде болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болады. Экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және дамыту үшін халық санағының ақпараттық деректері қажет, олар тұрғын үй салу және бөлу жөніндегі, демографиялық және көші-қон процестері жөніндегі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала жөніндегі бағдарламаларды дамытуға және жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Халық санағы жұмыс орындары, еңбек ресурстары туралы толыққанды көрініс береді, ал бизнес үшін – түпкілікті тұтынушы туралы маңызды және нақты көрініс. Ұлттық халық санағына қатысатын әрбір азамат мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге елеулі және құнды үлес қосады.

 

                                 Қазақстанда әркім  маңызды!