Саркандская молодежь помогает засушливому региону

Саркандская молодежь помогает засушливому региону

Сарқан ауданына қарасты Екіаша ауылының белсенді жастары биылғы жылы Батыс Қазақстан облысындағы қуаңшылықтың салдарынан жапа жегіп жатқан аймаққа жәрдем беру мақсатында  9 орама шөп жөнелтті деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл бастама ауыл имамы Алмас Танысбайұлы, Дархан Құрметқалиұлы және Ерлан Серікұлының қолдауымен жүзеге асқан игі істің бірі.
Бүгінгі күні, бұл игі шараға ауыл жастары белсене атсалысып, шөп шабу жұмыстарына кірісіп кеткен.
«Еліміздің кейбір өңірлерінде биылғы жылы қуаңшылық қысып тұрғанын көзбен көріп естіп жатырмыз. Күндерін малмен көріп отырған тұрғындар үшін бұл өте қиын жағдай. Осындай қиын-қыстау сәтте ауыл жастарымен бірлесіп, жұмыла көмек береміз деп шешім қабылдағын жайымыз бар. Шөп шабу науқаны қызу жүргізілу үстінде. Бірнеше күндер аралығында тағы да шөп жөнелтуді жоспарлап отырмыз», - деді ауыл имамы Алмас Танысбайұлы.
Қуаңшылық жайлаған өңірге Екіашалық жастар шамамен, 10 тонна болатын жоңышқа шөбін жөнелтпек.
Айта кетейік, Бақалы ауылының шаруаларда тысқары қалмай 50 түк шөп жөнелткен.