Саяжайларда өртке жол бермеңіз!

Саяжайларда өртке жол бермеңіз!

Сарқан ауданында саяжай маусымы ашылды.

Саяжай тұрғындары мен бағбандар өз учаскелерінде жыл сайынғы тазарту және егу жұмыстарын бастады.

Көктемгі-жазғы кезеңде саяжай учаскелерінде өрттің туындау қаупі едәуір артады.

Саяжайдағы өрттердің негізігі себептері - қоқысты жағу, тасталған темекі тұқылдары, жанғыш заттармен абайсыз әрекет ету, сөндірілмеген от және басқа да ашық жалын көздері (мангал, барбекю).

Сонымен қатар, тозған сымдар, қолдан жасалған немесе ақаулы электр аспаптары мен пештер де өртке әкелуі мүмкін.

Сарқан ауданы ТЖБ өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді! Апаттың алдын алу үшін саяжай және үй маңындағы аумақты құрғақ шөптер мен жанғыш қоқыстардан тазарту кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын білу және есте сақтау қажет. От жағу және қалдықтарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Ал желді ауа-райында от жағу мүлдем қолайсыз.

Елді мекендер мен ұйымдардың аумағында жанғыш қалдықтардың үйінділерін орналастыруға тыйым салынады, олар уақтылы шығарылуы тиіс.

Осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда қалдықтар мен ыдыстарды өртеу бақылаумен жүргізілуге тиіс.

Электр сымдарын, жылыту құралдарын, пештерді тексеру, қажет болған жағдайда жөндеу және ауыстыру қажет.

Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі