Аудандық мониторингтік топ талдау шараларын жүргізді

Аудандық мониторингтік топ талдау шараларын жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін айтқан еді.

Бұл тұста, мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтере отырып, бизнес пен халыққа жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Бұл бағытта жұмысты жандандыру мақсатында бүгін аудан әкімдігі жанынан 2021 жылы 12 наурыздағы №66 қаулысы негізінде қайта құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау және қолжетімділікті қамтамыз ету бойынша Сарқан аудандық орталық ауруханасында және қалалық емханада талдау жұмыстарын жүргізді.

Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау талаптарына аса көңіл бөлінді. Топ мүшелерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

Талдау барысында орын алған кемшіліктерді орнына келтіру үшін мерзім берілді, талдау парақшалары толтырылып мекемелердің өкілдеріне тапсырылды.