Екпе егу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр

Екпе егу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр

Бүгін мәслихат хатшысы Марат Мелісұлы және аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар бөлім басшылары "Спутник-V" екпесін салдырды.

Айта кетейік, вакцинациялау басталғалы бері ауданға 750 ден аса екпе жеткізіліп, толықтай егіліп болды. Қазіргі уақытта екінші кезеңі егілуде.

Осы жолы жаппай ерікті түрде вакцинациялау науқанына 500 ге жуық вакцина жеткізіліп, екпе егу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.

Құрметті аудан тұрғындары! Қауіпті індетті жеңудің бірден-бір жолы екпе салдыру. Вакцина тегін жүргізіледі. Екпе салдыру үшін Сарқан аудандық орталық ауруханасына баруыңыз керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болса жеткілікті.

Айта кеткен жөн, бүгінгі күні ауылдық округтерде де жаппай екпе егу басталып кетті.