Сарқан ауданындағы «Сарқан жеміс консервілеу зауыты» алма, өрік, апельсиннен тосап шығаруды қолға алды

Сарқан ауданындағы «Сарқан жеміс консервілеу зауыты» алма, өрік, апельсиннен тосап шығаруды қолға алды

Сарқан ауданындағы «Сарқан жеміс консервілеу зауыты» алма, өрік, апельсиннен тосап шығаруды қолға алды.  Жұмысын 2018 жылы бастаған зауыт, бүгінгі таңда өнім түрлерін көбейтіп оның санын 15-ке жеткізген.

Тамыз айында жұмыстары қарқын алатын кәсіпорын күніне 120 тоннаға дейін сусын шығаруға қауқарлы. Зауыттағы барлық қондырғылар Ресей, Қытай елінен әкелінген.

Бүгінгі таңда зауыт басшылығы бірнеше өнім түрлерін сынамадан өткізіп, нәтижесінде ешқандай қоспасыз алмадан дайындалған тосапты шығаруды қолға алып, сатылымға «SIVERS» джем брендімен өз өнімдерін шығаруда. «Үш жыл бұрын жұмысты қолға алып, бір өніммен бастадық. Алмадан шығарған сусынымыз жергілікті тұрғындардың сұранысына ие болып, жылдағы көрсеткіштерге қарағанда көбірек шығара бастадық. Біздің мақсатымыз отандық өнімге деген сұранысты көбейту. Сондай-ақ алыс-жақын шет елдерге де өнімдерімізді экспорттау», - деді зауыт басшысы Ринат Калиуллин. Сонымен қатар, алдағы уақытта зауыт алманың жергілікті сорттарынан шыққан тосап, сусындарын танымал ететін ерекше дәм жасап, табиғи артықшылықтары бар өнім ретінде тұтынушыларға ұсынуға ниетті. Бұл дегеніміз зауыттың одан әрі қарқында дамуына өз септігін тигізіп, ауданның экономикалық дамуына үлесін қоспақ.

Sivers алмалардың атасы екені әлемге әйгілі екені мәлім. Ол біздің еліміздің тағы бір жақұты десек те болады. Ендігі міндет Sivers алмасының жабайы түрін жоғалып кетпеуден сақтау, түрлерін көбейту. Айта кетейік, Sivers жабайы алмасының гүлденуі кезінде ауданымызға жыл сайын 1000-нан аса туристтер келеді.