Аудан басшысы Талғат Қанатұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасының иегері Станкевич Татьяна Михайловнаны қабылдады

Аудан басшысы Талғат Қанатұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасының иегері Станкевич Татьяна Михайловнаны қабылдады

Бүгін аудан басшысы Талғат Қанатұлы елімізде алғаш рет педагогтерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасының иегері Станкевич Татьяна Михайловнаны қабылдады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды. Бұл атаққа Алматы облысының 3 ұстазы лайықты деп танылды. Cолардың ішінде ауданымыздағы №1 мектеп гимназиясының химия-биология пәнінің мұғалімі Станкевич Татьяна Михайловна да наградталғандардың қатарында бар.
Аудан басшысы осындай мемлекеттік марапатты иеленіп, ауданымыздың мерейін үстем еткен Татьяна Михайловнаны құттықтап, алғыс хатын табыс етіп, жұмысына табыс тіледі.
Станкевич Татьяна Михайловна білім саласында 32 жылдан аса уақыт жұмыс істеп, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі еленген ұлағатты ұстаздардың бірі. Жыл сайын оқушылары аудан, облыстық жарыстардан басқа, шет мемлекеттерде өтетін додаға қатысып, ауданымыздың атағын шар тарапқа танытып жүр.
Бүгінгі таңда Татьяна Михайловна аяулы жар, ардақты әже болып отырған бақытты жан.
Айта кетейік, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады.