
Бүгін аудан әкімі Талғат Қанатұлы Елбасының еліміздің дарынды жастарын қолдауға бағытталған «Ел үміті» бастамасының жеңімпазы Гулзат Тасыбекті марапаттады, деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Елбасы Медалі» бойынша бес бағытта көш бастаған Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тасыбек Гулзат I «Ай қанат» білім беру қорының волонтерлік кітапшасының жүлдегері, Әбділда Тәжібаев оқулары - І орын және «British Buldog» Халықаралық байқау - ІІ орын иегері арнайы медальға ие болды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «Ел үміті» бастамасы аясында, 2020 жылғы Алматы облысы бойынша волонтерлік көрсеткіштері үздіктер қатарында табылғаны үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №294 қаулысымен «Елбасы Медалі» - мен марапатталған. Жалпы облыс бойынша 384 волонтер марапатталған.
«Еліміздің болашағы дарынды, жаңашылдыққа тез бейімделетін парасатты жастардың қолында. Өзіңмен жүздесіп, құттықтап, арнайы дайындаған сый-сияпатымызды ұсынғымыз келді. Жүлдең құтты болсын! Бұл жүлдең толайғай жеңістеріңнің басы болсын дегім келеді. Сіздей жүрегі нәзік болса да, қайсарлықты жанына сіңіртіп өсірген ата-анаңызға алғысым шексіз. Осы алған жүлдең артыңнан өсіп келе жатқан іні-сіңлілеріңе үлгі болсын», - деді аудан басшысы Талғат Қанатұлы.
Айта кетейік, аудан бойынша «Елбасы Медаліне» 20 – ға жуық үміткер өтінім берген.