Сарқан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті

Сарқан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жиналысы өтті

2021 жылдың 3 ақпанында Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысында - біз біртұтас мемлекет және ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне келіп жеттік, бұл өзгеріске коронавирус пандемиясы әсер етті. Оның зардабы алдағы онжылдыққа созылуы мүмкін, алайда, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік ахуал мен сыртқы жағдайлар қалай өзгерсе де, біздің ешқашан мызғымайтын ұлттық мүдделеріміз бар екендігі, бұл Қазақстанның Егемендігі, аумақтық тұтастығы, бірлік, саяси тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқаты және әлеуметтік әділдік, ұлттық қауіпсіздік стратегиясы осы құндылықтарды қорғауда.
Депутаттық фракция жиналысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. «Nur Otan» партиясы Сарқан ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау;
2. Сарқан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарларын бекіту.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сарқан аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Аязбаев Талғат «Nur Otan» партиясы Сарқан ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» жүзге асыру жөнінде баяндамасын жасады.
« Құрметті депутаттық фракция мүшелері!
2020 жылғы 10 қарашада өткен кезектен тыс XXIV аудандық конференцияда «Nur Otan» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламасы бекітілді, өңірдің сайлауалды бағдарламасы негізінде осы бағдарлама бойынша Жол картасы әзірленді.
Биылғы Праймериз және сайлау науқаны кезінде Сарқан ауданының 73 азаматтарынан 34 аманат түсті. Оның 12-і аманаты сайлауалды бағдарламаға енгізілген.
Жалпы, Жол картасының жеті бағыты бойынша алдағы бес жылға 14 көрсеткіш бойынша 84 іс-шара қарастырылған.
Қаражат көлемі 52,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7,1 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен – 14,2 млрд. теңге, жеке инвестициялар – 31,3 млрд. теңге.
Фракция мүшелері ретінде әрқайсыңыз «Nur Otan» партиясы Сарқан ауданы 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» орындалуына үлес қосуларыңыз және бекітілген жеке жұмыс жоспарларыңызға сәйкес жұмыстарыңызды жүргізулеріңіз қажет». – деді, аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалының төрағасы Талғат Қанатұлы.
Жиынға Сарқан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының бүгінгі отырысына 9 аудандық фракция мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы Марат Мелісұлы, аудан әкімінің орынбасары Жомарт Құситханұлы, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.