Сарқан ауданының белсенділері өз таңдауын жасады

Сарқан ауданының белсенділері өз таңдауын жасады

 Бүгін ел үшін айтулы сәттен басталды. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтуде. Еліміздің болашағына бей-жай қарамаған аудан тұрғындары бір кісідей өз таңдауларын жасап, дауыстарын беруде деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайлауға аудан басшысы Талғат Қанатұлыда келіп, таңдауын жасап дауыс берді.

«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдауымыз керек. Сайлауға қатысу тек ақ жағалыларға ғана тән нәрсе емес. Бұл тұтас ұлттың мойнына артылған жауапкершілік. Болашақ бағытыңды айқындайтын уақыт. Сондықтан да, бұл біз бен сіздің азаматтық парызымыз.Бүгінгі сайлауға ҚР азаматы ретінде қатыстым. Мен өз тіркелген сайлау учаскескеме келіп өз таңдауымды жасадым», - дейді аудан әкімі Талғат Қанатұлы.

Жалпы аудан бойынша дауыс берушілердің саны 28 мыңнан асады. Олар үшін 33 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау комиссия мүшелері 213 сайлаушының өтінішіне сәйкес үйлеріне барып, дауыстарын алды. Соның ішінде, ғасыр жасаған қала тұрғыны Алтынжан апамызда бар.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға бірінші рет дауыс беріп отырған 742 сайлаушыларда бар.