Сарқан ауданында ғасыр жасаған Белдеубай Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз даусын берді деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ бастасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып өтті.
«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсадық. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». - деді қарт анамыз.
1910 жылы туған Алтынхан апа Сарқан қаласында тұрады. Өмір бойы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген. 110 жастағы апаның 3 баласы, 8 немересі, 16 шөбересі және 2 шөбшегі бар.