Құрметті сарқандықтар!

Құрметті сарқандықтар!

Сіздерді жаңа келіп жеткен 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Осы жаңа жылымыз тың шығармашылық ойларға, биік кәсіби жетістіктерге, керемет оң өзгерістерге, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғаларға, тамаша бастамалар мен оң шешімдерге толы болсын!
Жаңа жыл – баршамызға жан шуағын сыйлайтын, өткен жылды аяқтап, жаңа істерді бастайтын ғажайыпқа толы жарқын мереке!
2020 жылға көз салсақ, табысымыз бен берекелі істеріміз, жетістігіміз бен жеңістеріміз де болды. Індет жайлап әбігерге салсада барлық салада оң өзгерістермен шыға білдік.
Аудан еңбеккерлерінің жұмысы жоғары бағаланып, бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаға ие болды.
Жаңа 2021 жылымыз жағымды жаңалықтармен басталады деген сенімдемін.
Алдағы жылда жетістіктеріміз көп болып, індеттен бірлесіп аман шығайық. Біздің сүйікті Сарқанымыз жайнап, гүлдене берсін дегім келеді.

Құрметті қауым!
Халқымызда «Ескi жыл есiрке, жаңа жыл жарылқа» деген сөз бар.
Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк.
Жаңа жыл Сарқанның ел-жұртына мол табыс, әр шаңыраққа береке сыйласын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!