Сарқан ауданындағы сүт зауыты 15-тен аса өнім шығаруда

Сарқан ауданындағы сүт зауыты 15-тен аса өнім шығаруда

Сарқан ауданындағы «Ақбұлақ-Продукт» сүт өнімдерін өңдейтін зауыты 2008 жылы қойта іске қосылып қайта жаңғырып, табысты еңбек етіп жатқандарына биыл 13 жыл. Мұнда қазір сүт өнімдерінің 15-тен аса түрі шығарылады.

Атап айтсақ, пастерленген табиғи сүт, шалап, айранның бірнеше түрі, құрт, сары май, қаймақ, шалап, ірімшіктің бірнеше түрін және голланд сыры өндіріледі. Кәсіпорын тәулігіне 80 тоннадан астам сүтті өңдейді.

«2008 жылы зауытты қайта іске қостық әрине басқы кезде қиншылықтар болды. Зауытқа жаңа қондырғылар алып, ретке келтіріп, 3 өнім шығарудан бастасақ ал, бүгініг күні оның саны 15-тен асырдық. Мемлекет тарапынан қолдаулар бар. Биылғы жылы сүтке, сары майға және қатты ірімшікке 80 млн.теңге субсидия алынды. Осының арқасында ағымдағы жылы зауытқа 17 млн.теңге болатын компрессор сатып алдық. Қондырғылар Ресей мен Қытайдан әкелінген. Бүгінде зауытта 67 адам жұмыс істейді. Тауарларымыз ауданымыздан басқа обылыстың бірнеше аудандарына және Алматы қаласына тасымалданады» - деді зауыт директоры Калимолданов Бауыржан.

Биылғы жылы кәсіпорынға 12 жас маман тұрақты жұмысқа тұрған. Орташа жалақылары 100 мың теңге.

Цех бір тәуліктегі өнімнің көлемін 30 тоннадан бастап, бүгінде 80 тоннаға жеткізді. Шикізат жеткілікті. Сүтті қарапайым тұрғындардан сатып алынады.

Бүгінде сүтті сатып алмас үшін асыл тұқымды сиыр асырауға лайықталған кешен салсақ деген жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, тәтті йогурт және тағыда басқа өнімдерді өндіруді қолға алмақшы.

Басқа өндірушілердің ұсынылған бағасынан қарағанда ауданымыздағы зауыттан шығаратын сүт өнімдерінің бағасы төмен.

Айта кеткен жөн, зауытта ерекше сұранысқа ие голланд сыры өндіріледі.