Алматы облысында "Тәуелсіздікке тарту" акциясының аясында 30 маңызды нысандар іске қосылып, іс-шаралар жүзеге асады.

Алматы облысында "Тәуелсіздікке тарту" акциясының аясында 30 маңызды нысандар іске қосылып, іс-шаралар жүзеге асады.

Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Тәуелсіздік жылдары үлкен жұмыс атқарылды. Нұрсұлтан Әбішұлы бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілген, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет құруға үлкен мән берді.

Еліміздің басты мерекелерінің қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақыл, ғылым, білім мен еңбектің  уақыты келгенін атап өтті. Келесі жылы біздің Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Биылғы жылы экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға негізделген шараларға  басым назар аударылды.

Дүниежүзілік "COVID-19" пандемиясына байланысты ағымдағы жыл оңай болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет халықты қорғау және бизнесті қолдау бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Осының арқасында Алматы облысындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай тұрақты болып қалды, сонымен қатар өңір барлық негізгі бағыттар бойынша өсуді сақтай алды.

Айта кету керек, Елбасының "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру барысына және Президент Жолдауының тармақтарына Алматы облысының басшысы Амандық Баталов та көп көңіл бөледі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өңірде 100-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуы мен идеологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Али "JETISÝ MEDIA"ақпараттық алаңында өткен баспасөз-маслихатында мәлімдеді.

 Жетісу өңірінің атынан біз 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығындағы кезеңде 30 әлеуметтік маңызы бар нысандар мен іс-шараларды қамти отырып, "Тәуелсіздікке тарту" акциясын іске қосқымыз келеді. Өңір үшін маңызды нысандар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы және "Жұмыспен қамтудың жол картасы"мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылады. Тәуелсіздіктің арқасында елімізде әлеуметтік нысандардың ғана емес, кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңейді. Жаңа өндірістік жобалар облыстың жетекші аудандарында іске қосылады.  Кербұлақ ауданындағы қуаты жылына 1,2 млн тонна "Алацем" ЖШС цемент зауыты, Іле, Ұйғыр ауданының жаңартылған құс фабрикалары, қуаты 50 МВт Қаскелең күн электр станциясы, 1 200 сауын сиырға жобалық құны 2,5 млрд теңге болатын сүт фермасы Тәуелсіздік күні қарсаңында тұсауы кесіліп, биылғы жылдың ең ірі жобалары болады", - деді Рустам Али.

 Ол сондай-ақ ауылдық жерлер мен саяжай алаптарына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Өңір басшысының орынбасары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қалпына келтірілген Райымбек ауданын одан әрі дамыту туралы айтып өтті.  Ауданда халық саны артып, 40 мыңға жуық адамды құраған.  Аймақтың дамуына үлес қосуға жігерлі жастар туған өлкелеріне қайтып келуде. Бүгінде олардың саны 2000-нан асады. Дәл осы аймақта облыс әкімінің орынбасарының сөзіне сенсек, Тәуелсіздік күні қарсаңында шамамен 82 тұрғын үй, әкімшілік ғимараттар және басқа да әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі.

 Саяжай алаптары да бақылауда. Мысалы, осы аптада жоғарыда аталған акция аясында "Шайқорған" және "Қызыл тас" саяжай секторларының тұрғындары үшін облыс орталығында жалпы құны 595 млн.теңге болатын екі көлік жүруге арналған өткел пайдалануға беріледі.

Жергілікті тұрғындарды жайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз ету мәселесі  облыс басшысы Амандық Баталовтың ұстанған саясатының басым бағыты болып табылады. Бұл ұстанымда әркез билік назарында.

"Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекше бақылауда. Ағымдағы жылдың 16 қарашасынан бастап жылдың соңына дейін 446 пәтерлік 239 жалға берілетін үйді қолданысқа беру жоспарлануда. Сонымен қатар 228 пәтерлік 43 несиелік үй және  коммуналдық тұрғын үйлер де бар-бұл 37 жеке үй. Сондай-ақ,  облыс орталығының коттедж қалашығындағы 248 коттедж үй өз иесін табады деп күтілуде. Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірдегі 711-ден астам  отбасы жалпы ауданы 74,9 мың шаршы метрді құрайтын баспананың кілтін қолдарына алатын болады", - деді Рустам Али.

 Президенттің бұқаралық спортты дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту туралы жолдауы аясында Алматы облысында 100 спорт нысанының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мысалы, облыста қазірдің өзінде 8 денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді және жыл соңына дейін 7 жаңа спорттық-сауықтыру кешендері мен спорт алаңдары пайдалануға берілмек.

 Баршаға мәлім, жаһандық пандемия Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бірақ, соған қарамастан, Алматы облысы сын-қатерді абыроймен еңсеруде. Ағымдағы жылы 17 нысан құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына қарай Алматы облысының аудандарында 13 дәрігерлік амбулатория ел игілігіне беріледі және Жамбыл ауданында әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана ашылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, спикер облыс орталығында әлемдік стандарттарға сай келетін, олимпиадалық бассейнінің ашылуы Жетісулықтар үшін үлкен оқиға болатынын, ол осы жылдың соңына дейін дайын болатынын атап өтті. Қазірдің өзінде көздің жауын алатын, сәулеттік келбетімен және қайталанбас стилімен елдің таңдайын қақтырып отырған бірегей спорт нысаны  су спортының дамуына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жобаның құны 11,4 млрд.теңгеден асып жығылады.