Өрт қауіпті кезең — қауіпсіздік шараларын күшейту уақыты

Өрт қауіпті кезең — қауіпсіздік шараларын күшейту уақыты

Көктем және жаз мезгілдерінде ауа райының жылынуына байланысты өрт қауіпті кезең басталады. Бұл уақытта далада, орман алқаптарында және елді мекендер маңында өрт шығу қаупі айтарлықтай артады.

Өрттердің негізгі себептері — құрғақ шөпті жағу, отты абайсыз пайдалану, темекі тұқылын тастау, сондай-ақ балалардың отпен ойнауы. Көп жағдайда табиғи өрттер адам факторынан туындайды.

Өрттің алдын алу мақсатында тұрғындарға келесі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет:
* құрғақ шөп пен қоқысты жақпау;
* орман және дала аумақтарында ашық от жақпау;
* жанғыш қалдықтарды бақылаусыз қалдырмау;
* балаларды қараусыз қалдырмау;
* өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау.

Өрт байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау қажет.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 367, 410 және 336-баптар бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Өрт қауіпсіздігі — әр азаматтың ортақ міндеті. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы табиғатты және адам өмірін сақтай аламыз.