Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады

Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Сарқан ауданында салтанатты жиын өтті.

Шара барысында аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев мемлекеттік қызметтің қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік жиында бірқатар қызметкерлер Жетісу облысы әкімінің Алғыс хатымен, Жетісу облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен, аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы IV спартакиадада жүлделі орындарға ие болған мемлекеттік қызметшілер мен аудан құрамасы арнайы грамоталармен марапатталды.

Шара соңында ауданның мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен дайындалған мерекелік концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.