
Aleumet әлеуметтік қызметтер порталында оңалту техникалық құралдарын алушыларға арналған онлайн-сауалнама енгізілді. Сауалнама мүгедектігі бар адамдардан оңалту техникалық құралдарының құны, қосымша төлем мөлшері және оларды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алудың қолайлылығы мәселелері бойынша кері байланыс алуға бағытталған. Алынған нәтижелер ағымдағы жағдайды талдау және мүгедектігі бар адамдарды оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау порталында (inva.gov.kz) әлеуметтік, көлік және өзге де инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін бағалауға арналған онлайн өзін-өзі бағалау сауалнамасы іске асырылды. Бұл сауалнама объектілердің меншік иелері мен өкілдеріне арналған және объектінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік деңгейін өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Сауалнамадан өту нәтижесінде анықталған кедергілерді жою және объектінің қолжетімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар қамтылған есеп автоматты түрде қалыптастырылады.
Ссылка на опрос по ТСР на русском языке: https://aleumet.egov.kz/survey
Ссылка на самоопросник по доступности на казахском языке: https://inva.gov.kz/assessment/general-info/?lang=kk
QR-код для прохождения опроса
