«Достық кубогы»: Сарқанда инклюзивті спорттық кездесу өтті

«Достық кубогы»: Сарқанда инклюзивті спорттық кездесу өтті

2026 жылғы 5 маусымда Сарқан ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясында «Мейірім LIVE FEST» инклюзивті фестивалі аясында SARKAN_BOCCIA спортшылары мен мектеп оқушыларының қатысуымен боччадан «Достық кубогы» атты жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы Байгунысов пен мектеп-гимназия директоры Абай Серікқазыұлы Нұрпейісов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс барысында қатысушылар ептілік пен табандылық танытып, достық пен өзара сыйластық үлгісін көрсетті.

Жарыс қорытындысы:
🥇 I орын – Чаек Анель, Ерәлі Салам, Дәулетбай Оразбек, Берлібек Ернар, Прищепа Элина, Әліпбай Ерхат
🥈 II орын – Серікұлы Есіл, Шалқарқызы Аяна, Мұхамеджан Жомарт, Чаек Асия, Талғат Өміржан, Талғат Өмірсерік

Шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мұндай бастамалар инклюзивті қоғам құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.