Сарқан ауданында "ЖҚЖК - 2020" бойынша аулалар жөнделуде

Сарқан ауданында "ЖҚЖК - 2020" бойынша аулалар жөнделуде

Сарқан ауданында "ЖҚЖК - 2020" бойынша аулалар жөнделуде
Сарқан ауданында "Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" аясында 10 жоба жүзеге асырылуда. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 619,065 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбеков көшпелі брифинг барысында мәлімдеді.
Бүгінгі күні Сарқан қаласында 9 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына 210,000 млн. теңге бөлінді.
Жұмыстар 85% - ға аяқталды. Нысандарда 53 адам жұмыс істейді, жұмыспен қамту орталығы арқылы 24 адам жұмысқа орналастырылды. Барлық аулалар осы жылдың қараша айының соңына дейін дайын болады.
- Бұрын бұл үйдің тоғытылды. Ал барлық инфрақұрылымдарды жөндеуден өткізіп, жүргізгеннен кейін адамдар өз пәтерлеріне қайта оралады, бұл өте қуантады. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр - үйлердің сыртын ретке келтіру, аулаларды абаттандыру. Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету де назардан тыс қалмайды, сондықтан оларға 30 пәтер берілді – деді Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Мыңбаев.
Қазір барлық үйлерде су, жылу және жарық бар. Сондай-ақ, аула алаңдарына күрделі жөндеу жүргізілуде, онда өскелең ұрпақ үшін барлық жағдай жасалған.