Сарқан ауданында қант қызылшасын себу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сарқан ауданында қант қызылшасын себу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сарқан ауданында көктемгі дала жұмыстарының ең маңызды кезеңдерінің бірі – қант қызылшасын себу науқаны жоғары қарқынмен жүзеге асырылуда. Биыл аудан бойынша 49 шаруа қожалығы 2500 гектар аумаққа аталған дақылды орналастыруды жоспарлаған.

Қазіргі таңда егіс алқаптарында жұмыс қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 23 шаруа қожалығы жұмылдырылып, 800 гектарға жуық жерге қант қызылшасы себілді. Науқанға 23 дана себу бірлігі тартылып, жұмыстар белгіленген кестеге сай ұйымдастырылуда.

Диқандар агротехникалық талаптарды сақтай отырып, әр күнді тиімді пайдаланып, егіс жұмыстарын сапалы жүргізуде. Науқан алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасын табады.