«Мұхамеджан Тынышпаевтың мұрасы» қоғамдық қоры өз жұмысын Сарқан ауданынан бастады.

«Мұхамеджан Тынышпаевтың мұрасы» қоғамдық қоры өз жұмысын Сарқан ауданынан бастады.

Жуырда құрылған қор жетекшісі Есимханов Саят Жанатбекұлының бастамасымен алғашқы шара Қарғалы ауылында ұйымдастырылды.

Тағылымы мол шара ұлт қайраткерінің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Іс-шара аясында мектеп музейі таныстырылып, танымдық конференция өткізілді. Онда Мұхамеджан Тынышбаевтың өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі және ғылыми еңбектері кеңінен талқыланды.

Аталған шараға Сарқан ауданының әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы, Мұхамеджан Тынышбаевтың немересі Елена Ескендировна, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Арын Ерлан Мұхтарұлы, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы, техника ғылымдарының кандидаты, М.Тынышбаев атындағы ALT университетінің "Жылжымалы құрам" кафедрасының меңгерушісі Әшірбаев Ғалымжан Қожахатұлы сондай ақ, зиалы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Іс-шара соңында жергілікті мешітте Құран бағышталып, марқұмның рухына тағзым жасалды.

Аталған бастама тарихи тұлғаның мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа тағылым беру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бастамасы болып табылады.