Сарқан ауданында қорғаныс істері жөніндегі бөлімде әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Сарқан ауданында қорғаныс істері жөніндегі бөлімде әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы қатысып, жас сарбаздарға ізгі тілегін білдіріп, ел алдындағы жауапты міндетті абыроймен атқаруға шақырды.

Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары:
«Әскер қатарына қосылу – әр азамат үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл – Отанға деген адалдықтың айқын көрінісі. Сіздер ел тыныштығын қорғау жолында шыңдалып, өмірлік тәжірибе жинап, елге аман-есен оралады деп сенеміз», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында ардагерлер жас буынға ақ баталарын беріп, ел қорғау жолында табыс пен төзімділік тіледі.

Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған патриоттық концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Айта кетейік, 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Сарқан ауданынан 70 азаматты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына жіберу жоспарланған.