Сарқан ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Сарқан ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Сарқан ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен маңызды кездесу өтті. Жиынға аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев төрағалық етті.

Кездесуге арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Арыстан Асқарұлы, Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы және Жетісу облысы дін істері басқармасының өкілі Нурбеков Мухтархан Бақтыбайұлы қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер әдебін сақтау, қызметтік тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, лудоманияға қарсы іс-қимыл және діни ағымдардың таралуына жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын соңында аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, олардың жұмысына табыс тіледі.

Аталған кездесу мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталды.