
“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Сарқан ауданында кезекті жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды тазалық шарасына бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ өңір тұрғындары белсенді түрде қатысып, ортақ іске жұмыла атсалысты.
Сенбілік барысында жол жиектерін тазалау, абаттандыру жұмыстары, ағаш отырғызу және жасыл желектерге күтім жасау шаралары жүргізілді.
Аталған шараға 1000-нан астам адам мен 18 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 30 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, аудан аумағында 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Бұл игі бастама – қоршаған ортаны қорғау мен аудан тазалығын сақтау жолындағы маңызды қадам. Барша аудан тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтауға және ортақ іске белсенді қатысуға шақырамыз.