
Бүгін Сарқан ауданында жалпы облыстық сенбілік аясында кең ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Игі шараға аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы, бөлім және мекеме қызметкерлері, сондай-ақ өңір тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында ағаш отырғызу, саябақтар мен өзен жағалауларын тазалау, ағаштарға күтім жасау, арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүйелі түрде атқарылды. Нәтижесінде аудан бойынша 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылып, оның ішінде 400-і Қойтас саябағына егілді.
Ауқымды шараға 19 техника мен 1000-нан астам адам жұмылдырылып, 60 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Тазалық – ортақ іс. Сарқан өңірінің көркеюіне үлес қосқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз!