Ұлттық киім – ұлттың ұлы мұрасы!

Ұлттық киім – ұлттың ұлы мұрасы!

Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім кию күніне орай Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері қазақтың ұлттық киімдерін киіп, жұмысқа ерекше көңіл күймен келді.

Бұл игі бастама — ұлттық болмысымызды ұлықтап, салт-дәстүрімізге деген құрметтің көрінісі.
Қазақы шапан мен камзол, зерлі тақия мен сәукеле — бәрі де өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпір секілді.

Осындай шаралар ел рухын көтеріп, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

Ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!