Аудан басшысы басшы әйелдерді мерекемен құттықтады

Аудан басшысы басшы әйелдерді мерекемен құттықтады

Бүгін Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданның түрлі саласында абыройлы еңбек етіп, жауапты қызмет атқарып жүрген нәзік жанды басшыларды салтанатты қабылдауда құттықтады.

Мерекелік жиында аудан басшысы әйел-аналардың қоғамдағы ерекше орнына тоқталып, олардың ел дамуына қосып жүрген үлесін атап өтті.

«Әйел – өмірдің шуағы, отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі. Сіздер бір қолдарыңызбен бесікті тербетіп, екінші қолдарыңызбен ел ісіне араласып, ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Қай салада болмасын кәсібилік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен парасат-пайымдарыңыз өңіріміздің өркендеуіне қызмет ете беретініне сенімдімін. Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді аудан әкімі.

Салтанатты шара барысында өңір дамуына үлес қосып жүрген басшы әйелдерге аудан әкімінің атынан құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпат табысталды.

Жиын соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік ән-шашу ұсынып, нәзік жандыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.